Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 4 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа

 Халық үні 06.07.2024 | 21:32
Шымкентте 4 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Фото: pexels.com

Шымкентте көпқабатты үйдің 3-қабатындағы терезесінен 4 жасар бала құлап кетті. Бүлдіршін дереу ауруханаға жатқызылды.

Оқиға бүгін, 6 шілде күні Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Дәрігерлердің айтуынша, балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа.

Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Ол үшін:

- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;

- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;

- Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;

- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;

- Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама