×

Елордадан Миланға тікелей рейс ашылады

Бірінші рейс 8 шілдеде орындалады

 Халық үні 06.07.2024 | 20:48
фото: Wikimedia/Fabrizio Berni

Италияның NEOS авиакомпаниясы алғаш рет Астана әуежайынан Миланға қатынайтын рейстер ашты. Аталған бағыт бойынша бірінші рейс 2024 жылдың 8 шілдесінде орындалады.

Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер ыңғайлы Boeing 787 Dreamliner арқылы жүзеге асырылады.

Екі астана арасында тікелей әуе қатынасының болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмнің дамуына серпін береді. NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы мен көлік-логистика саласының дамуына оң әсер етеді, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама