Елордада қоқыс полигоны өртенді (ВИДЕО)
Оқиғаның себебі анықталып жатыр
Астананың өрт сөндірушілері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы отты жойды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгін Байқоңыр ауданының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Полигон аумағында инертті материалдармен толтыру және жалынды сөндіру жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. ТЖМ күштері 100 шаршы метр алаңдағы өртті тоқтатты, – деп толықтырды ведомство.
Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек деп ескертті.