Бұл елде Түркі мемлекеттері ұйымының жиыны өтеді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасы Президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратына барды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды, деп мәлімдеді Ақорда.
Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады. Саммит «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» тақырыбында өтеді.
Бұған дейін Тоқаевтың Әзербайжанға жұмыс сапарымен барғаны туралы жазған едік.