×

Тоқаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды

Президент маңызды жиынға қатысады

 Қымбат Елтайқызы 06.07.2024 | 10:25
фото: telegram/aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Президентті Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды, – деп мәлімдеді Ақорда.

Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама