Оның ішінде 70 миллиард теңгені Үкімет бөледі
Биыл шаруаларға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 140 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«2022 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаржы көлемінің сомасы – 140 миллиард теңге. Бұл жерде қосымша 70 миллиард теңге көлемінде қаржыландырудағы Үкіметтің қолдауын атап өту қажет», - деді министр.
Оның айтуынша, бүгінде «Кең дала» бағдарламасы аясында 84,1 миллиард теңге сомасына 3 мыңнан аса ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қаржыландырылған.
«Осы бағдарлама бойынша, оның ішінде өсімдікті қорғау іс шараларын жүргізу, сондай-ақ егін жинау жұмыстарын несиелендіру жалғасады», - деді Ербол Қарашөкеев.