Halyq Uni логотип
×

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін

 Халық үні 05.07.2024 | 20:50
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: meteovesti.ru

«Қазгидромет» РМК 6-8 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін.

Күн жаңбырлы болады.

Қолайсыз ауа райына Новосібір аймағынан келе жатқан циклон себеп болады. Оның ықпалымен елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндізгі ауа температурасы +20+28°C, оңтүстік-шығыста +25+33°C арасында сақталады.

Алайда республиканың батысы мен оңтүстігінде +33+40°С градус аптап ыстық болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама