Қайрат Нұртаспен төбелескен адам да қамауға алынды

Халық үні

Сот төбелеске екінші қатысушыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Алматының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртаспен төбелескен адамды қамауға алды.

Сот төбелеске екінші қатысушыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

«2024 жылдың 4 маусымда Б. Алматы-Астана бағытында ұшақ бортында танымал әнші А.-мен жанжал шығарып, арты төбелеске айналған. Ұшақ бортындағы төбелес кезінде ол әдепсіз сөздер айтқан. Б. өз әрекетімен қоғамды сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған», - делінген хабарламада.

Сотта Б., өз кінәсін мойындамады.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.