×

Астанада жазғы дәмхана өртенді (ВИДЕО)

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 05.07.2024 | 16:02
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада жазғы дәмхана өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Алматы ауданында Бауыржан Момышұлы даңғылы бойындағы «Кувшин» мейрамханасының жанында орналасқан жазғы дәмханада өрт шыққан.

Өрт 16:14-те оқшауланып, 16:32-де 60 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама