Қырғызстанда төңкеріс жасамақ болған деструктивті топ ұсталды

Дәурен Ерболат

Күдіктілерден қару-жарақ, оқ-дәрі мен дрондар тәркіленді

Фото: ҚР МҰҚК

Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған деструктивті топтың 4 мүшесін ұсталды, деп хабарлады Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Қырғыз Республикасының МҰҚК деструктивті топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Олар билікті күштеп басып алу үшін азаматтардың өлімімен ұштасатын жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру арқылы елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру жоспары құрған, - деп жазылған комитеттің Instagram-дағы парақшасында.

Арнайы операция барысында 4 адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық топ криминалдық идеологияны ұстанып, радикалды діни идеологияны насихаттаған.

Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен көліктеріне тінту жүргізілді. Нәтижесінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға арналған бөлшектер, атыс қаруы, оқ-дәрі, рация, сауыт-саймандар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы киімі, дрондар, экстремистік мазмұндағы әдебиет, сондай-ақ басқа да тыйым салынған заттар табылып тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.