×

Дрондар шоуы: Астанада арнайы автобустар жүреді

Бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

 Дәурен Ерболат 05.07.2024 | 14:38
Фото: instagram.com/cts_kz

6 шілдеде Астанада дрондар шоуының өтуіне байланысты арнайы автобустар жүреді, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Ертең қала күніне орай сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open air мерекелік концерті өтеді. Одан кейін сағат 22:15-те (22:30) ASPAN дрон шоуы ұйымдастыралады.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін Ұлы дала даңғылы – Түркістан – Тұрар Рысқұлов – Ақмешіт көшелерінде қозғалыс шектеледі.

Елордалықтар шектеуді ескеріп, сапарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қала көшелерінде кептеліс тудырмас үшін көлікті пайдаланбаған жөн. Сондықтан елорда әкімдігі 2 тегін автотұрақ дайындады.

Жүргізушілер оған жеке көлігін қалдырып, концерт өтетін жерге арнайы автобустарпен (Shuttle Bus) бара алады.

Іс-шара аяқталғаннан кейін автобустар ниет танытқан тұрғындарды автотұраққа жеткізіп тастайды.

Арнайы автобустар жүретін жерлер:

  • Бас мешіт тұрағы (Мәңгілік Ел көшесі, 65),
  • «Барыс Арена» тұрағы (Тұран даңғылы, 57).

Бұған дейін Астанада дрондар шоуы өтетіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама