Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті

Қатысушылар үшін семинар ұйымдастырылды

 Динара Амантай 05.07.2024 | 13:53
Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті
Фото: ұйымдастырушылар

Бүгін Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен облыс әкімдігі ұйымдастырған форумға 180-нен астам қатысушы, оның ішінде Қарағанды облысының әкімі, Парламенті Мәжілісінің депутаттары, облыстық мәслихаттың төрағасы мен депутаттары, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының басшылары, қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Форум халықпен тиімді жұмыс жасау мәселелері талқыланған ірі диалогтік алаңға айналды. Жұмыс барысында ауылдағы проблемалық мәселелерді шешу, мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстар мен тың идеялар айтылды.

Сондай-ақ форумға қатысушылар үшін семинар ұйымдастырылды. Оның барысында кәсіби коучтар осы қызмет саласындағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісіп, менеджмент процесін жақсартуға қатысты практикалық ұсынымдар айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама