×

Қызылордада лифтіге қамалып қалған 7 адам құтқарылды

Оқыс оқиға көпқабатты тұрғын үйдің бірінде болған

 Дәурен Ерболат 05.07.2024 | 12:55
Фото: ТЖМ

Қызылордада лифтіге қамалып қалған 7 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлады ТЖМ.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 7 адам лифтіге қамалып қалды. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен лифтің есігін ашты. Олар тұрғындарға шығуға көмектесті.

 7 адамға медициналық көмек керек болмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама