Биыл маусымда Қазақстан шекарасын бұзып өтпек болған 55 шетелдік ұсталды, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.
Шекара қызметі 2024 жылғы маусымның жұмысын қорытындылады. Шекарада заңды бұзудың 4 337 дерегі анықталды:
- Шекараны бұзғаны үшін 55 шетелдік ұсталды;
- Шекараны бұзып өтпек болған 35 шетелдік ұсталды.
Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған затты алып өтудің 1 639 дерегі тіркелді:
- 46 – есірткі, жалпы салмағы 14 келіден жоғары;
- 48 – қару мен оқ-дәрі (1 қару, 6 пнемватикалық қару, 459 дана суық қаруы, 172 дана оқ-дәрі);
- 30 – діни әдебиет (692 дана);
- 553 – жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай (45 мың литр);
- 726 – жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
- 236 – жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден асаты шетел валютасы.
Каспий акваториясында 34 браконьерлік дерегі тіркелді:
- 18 жүзу құралы;
- Ұзындығы 32,5 шақырым болатын браконьерлік балық аулау құралы;
- 20 дана (71,3 келі) бекіре тұқымдас балық;
- 12 905 дана (24 896 келі) таза тұқымдас балық;
- 47 суда жүзетін тасбақа;
- 9 құс;
- 1 каспий итбалығы.
Алдын алынған залал сомасы – 147 млн теңге.
Заң бұзушыларды жауапқа тарту үшін деректер құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.