7 өтініш бойынша судьялар Үкіметке және уәкілетті органдарға заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыным жолдады
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Конституциялық Сотқа азаматтардан екі мыңнан астам өтініш келіп түскен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Азаматтар көбіне келесі мәселелер бойынша жүгінген:
Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Ақмола облысының, Қарағанды облысының және Шымкент қаласының тұрғындарынан келіп түсті. Қазір азаматтардың 112 өтініші КС Аппаратының алдын ала қарауында.
Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Конституциялық сот 39 шешім шығарды. Оның ішінде азаматтардың Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы 7 өтініші бойынша судьялар Үкіметке және уәкілетті органдарға заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдармен қорытынды шешімдер қабылдады:
Сондай-ақ, Бас прокурордың 2 өтінішінің негізінде Конституциялық сот Конституциясының 83-бабы 1-тармағының және 25, 26-баптарының нормаларына ресми түсіндірме берді.
Бүгінде судьялар азаматтардың 17 өтініші бойынша заң нормалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан зерделеуді жалғастырып жатыр.