Қытай Қазақстанан шошқа етін сатып алмақ
Шетелдік кәсіпкерлер қой мен сиыр етіне де қызығушылық танытып отыр
Қытай ет қауымдастығының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы «EMC Agro» өнеркәсіп кешенінің басшылығымен кездесіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Шетелдік кәсіпкерлер жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі..
Өз кезегінде «EMC Agro» компаниясының өнеркәсіптік кешені Қытайға шығарылатын өнімнің 60% -ға жуығын жеткізуге дайын.
Қазақстан - мүмкіндіктерге толы ел. Бүгінде Қытай ет қауымдастығына кіретін компаниялардың бірі жергілікті кәсіпорыннан шошқа етін сатып алуды жоспарлап отыр. Әңгіме жылына 20 мың тонна туралы болып отыр. Бірақ біз қой мен сиыр етіне де мүдделіміз. Сондай-ақ қазақстандықтарға мал шаруашылығын дамытуда әрі ірі және ұсақ мал етін Қытайға экспорттауда көмек көрсету үшін өз тәжірибелерімен бөлісуге дайынбыз, – деді Қытай ет қауымдастығының сиыр етін импорттаушылар және экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн.
Айта кетсек, Қытай ет қауымдастығы – ҚХР-дағы ет өндіру және тарату бойынша ең ірі ұлттық бірлестік. Оған 1300-ге жуық мүше кіреді.