Министр биылғы астық түсіміне қатысты пікір білдірді

Дәурен Ерболат

«Қазгидрометтің» маусымдағы болжамы оң

фото: ашық дереккөз

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ерболат Қарашөкеев биылғы астық түсіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол осы жылы көктемгі егіс жұмыстары оңтайлы мерзімде аяқталғанын атап өтті.

«Топыраққа жиналған ылғалды сақтау жұмыстары уақытында толық атқарылды. «Қазгидрометтің» маусымдағы болжамы оң. Осы фактілердің барлығын ескерсек, биыл астық түсімі орташа жылдық деңгейде болады деп болжап отырмыз. Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша, бидайдың түсімі 13-13,5 миллион тонна болады. Маусымда жаңбыр жауса, астық түсімі өткен жылмен салыстырғанда кемінде 15 пайызға артық болады», - деді министр.