×

Түрмеде жазасын өтеуші есірткі сатты деген күдікке ілінді

Есірткі Таяу Шығыстан жеткізілген

 Дәурен Ерболат 05.07.2024 | 09:56
Фото: ҰҚК

Қызылорда облысындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан шетелдік есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.

Биыл 21 маусымда Маңғыстау облысында 10 келі гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

Тінту барысында олардан 50 грам апиын, 4 мың доллар, 4 млн теңгеден аса қаржы табылды.

Есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікке түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан шетелдік ілікті. Бұрын ол осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Түрмедегі күдіктінің жойылған есірткі арнасына қатысы бар туралы факті Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама