Су шаруашылығы мамандары Қытайда біліктілік арттыру курсынан өтеді
Елімізде шетелдік компания су үнемдеу өнімдерін шығармақ
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қытайлық ірі компаниялармен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Министр CITIC Gonstruction компаниясының президенті Цзяньцян Янмен кездесіп, су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесін талқылады. Қытайлық кәсіпкерлер Қазақстанда су үнемдеу жүйелерін шығаруға дайын екендіктерін білдірді.
Сондай-ақ, министр Power China компаниясының президенті Тань Сяофэнмен кездесті. Жиында тараптар қазақстандық су шаруашылығы мамандарын Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өткізуге келісті.
Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов қытайлық компанияға «Қазсушар» кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды ұсынды. Power China басшылығы болса жаңа су қоймаларының құрылысына қатысуға ниет білдірді. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылау алдағы уақытта жұмыс тобы деңгейінде жалғасады.