×

Қазығұрт шыңын бағындырмақ болған турист құтқарылды

Бұл туралы ТЖМ хабарлады 

 Халық үні 05.07.2024 | 01:42
Фото: ТЖМ

Түркістан облысында Қазығұрт шыңын дайындықсыз бағындырмақ болған зейнеткер құтқарылды. 

1958 жылы туылған турист Қазығұрт шыңын мүлдем дайындықсыз бағындыруды ұйғарды. Өз бетінше қайтып түсе алмаған қарияға Жедел құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келді.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 66 жастағы турист таудан аман-есен түсіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама