ШЫҰ саммиті аяқталды: бас хатшы мәлімдеме жасады
Бүгінгі жиын нәтижелі өтті
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшы Чжан Мин саммиттің аяқталуына байланыс мәлімдеме жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ол 2023 жылғы шілдеден бастап ШЫҰ төрағалығы Қазақстанға өткенін еске салды.
Төрағалық ету кезеңінде қазақстандық тарап түрлі салада 140-тан аса іс-шара ұйымдастырды. Экономикалық, инвестициялық, көлік, мәдени-гуманитарлық және экологиялық аспектілерге басымдық берілді. Біздің ойымызша, Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы барынша өте мазмұнды және қызықты өтті, - деді Чжан Мин.
Бас хатшы бүгін елордада өткен саммит нәтижелі, конструктивті, жемісті болғанын атап өтті.
Бұл ұйымның қызметіне жаңа серпін беріп, ұйымның тарихындағы маңызды кезең болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты осы отырыстың және тұтастай алғанда ШЫҰ төрағалығының жоғары деңгейде сәтті өтуімен құттықтаймын, - деді ол.
Чжан Мин енді ШЫҰ төрағалығы Қытайға өтетінін жеткізді.
«Астана саммитінен кейін Қытай тарапы төрағалық эстафетасын қабылдады. Қытай көптеген жыл бойы ұйымның дамуына үлес қосып келеді. Қытайлық серіктестерге ұйымға төрағалық ету кезеңінде жұмысының жемісті және нәтижелі болуын тілейміз. Циндао қаласына 2024-2025 жылдары ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы мәртебесін беруін құптаймыз», - деп сөзін түйіндеді бас хатшы.