×

Ақтөбе облысында 22 мың гектар жайылым жер мемлекетке қайтарылды

Тексеріс кезінде жайылым жерде мал болмай шыққан

 Халық үні 04.07.2024 | 18:30
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтынан

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы мақсатында берілген 22 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті пайдаланылмай жатқан, сондай-ақ қолданыстағы заңға қайшы берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтары жұмыстары жүріп жатқанын еске салды.

Тексеру нәтижелері бойынша Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінде орналасқан «Рахымжан» шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасы бойынша алаңы 22 300 га жер учаскесіндегі жайылымда малдың жоқтығы анықталды. Шалқар ауданы әкімдігі мен жер ресурстарын басқару комитетінің бірлескен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды,- делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында 170 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылған болатын. Сондай-ақ Ақмола облысында прокурорлар шетелдік азаматқа заңсыз берілген 1,4 гектар жерді қайтарды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы ол жердің құны 42,5 млн теңгеге бағаланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама