Halyq Uni логотип
×

Үкімет резервінен су тасқыны болған өңірлерде мектеп салуға 7,5 млрд теңге бөлінеді

Тиісті қаулы қоғамдық талқылауға қойылған

 Динара Амантай 04.07.2024 | 09:32
Үкімет резервінен су тасқыны болған өңірлерде мектеп салуға 7,5 млрд теңге бөлінеді
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Үкімет резервінен су тасқыны болған өңірлерде мектеп салуға 7,5 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Премьер-министрдің қаулысына сәйкес, 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен су тасқыны салдарынан зардап шеккен білім беру объектілерінде, оның ішінде Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарының бюджеттеріне жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 7 млрд 533 млн 26 мың 230 теңге көлемінде қаражат бөлінеді.

Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарының әкімдігі 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі есепті ұсынсын, – делінген құжатта.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі есепті Қаржы министрлігіне ұсынуға тиіс.

Қаулы 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама