×

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары саммитке қатысушыларға таныстырылды

Дирекция көрме ұйымдастырды

 Динара Амантай 04.07.2024 | 09:15
Фото: t.me/worldnomadgames2024

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіні ресми жиыны талқыланатын Бейбітшілік және келісім сарайында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция шетелден келген қонақтарға Ойындарды таныстыру мақсатында «Ұлы даладағы кездесу» тақырыбында көрме қойылымын дайындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сондай-ақ, ШЫҰ сессиясы өтетін ғимараттарда Ойындардың ресми промороликтері орналастырылды және дирекция өкілдері шетелдік қонақтарға Ойындар туралы ақпаратпен бөлісіп, ұлттық нақышта безендірілген арнайы таныстырылым бұрышында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы сұхбаттар легін ұйымдастырып жатыр.

Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы 5 шілдеде «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде шетелдік дипломаттар мен ШЫҰ-да тіркелген журналистер үшін Ойындармен кеңірек таныстыру мақсатында арнайы шара өткізеді.

Айта кетсек, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2 мыңнан астам қатысушы қатысады деп жоспарланып отыр.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың бас серіктесі – Halyk Bank. Астанадда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама