Halyq Uni логотип
×

«Миы шайқалған»: Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

Ол соққыға жығылып, миы шайқалған, бетінің көп жері көгерген

 Халық үні 04.07.2024 | 08:45
«Миы шайқалған»: Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды lada.kz

4-шағынаудан тұрғындарының айтуынша, оқиға №4 үйде болған. Тұрғындар 30 маусымда түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалғанын айтқан.

«Ол соққыға жығылып, миы шайқалған, бетінің көп жері көгерген. Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі мәліметінше, жәбірленушіні дәрігерлер тексеріп, оған медициналық көмек көрсетіп, амбулаториялық емделуге жіберген», - деп жазылған мәліметте.

Бұл жағдайға қатысты полиция әзірге пікір білдірмеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама