«Қазгидромет» РМК 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады.
«Қазгидромет» РМК 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады.
Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон өз ықпалын сақтайды, сонымен байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Қатты жаңбыр 05 шілдеде солтүстік-батыста, 05-06 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 04-06 шілдеде шығыста болады деп күтілуде. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, еліміздің батысында күндіз +33+43°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанады.