×

Қостанай облысында шенеуніктер адам саудасымен айналысқан

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды

 Динара Амантай 07.06.2022 | 09:47
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысында «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктелуде, – делінген хабарламада.

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама