×

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға келді

Премьер-министр құрметті қонақты елорда әуежайында қарсы алды

 Динара Амантай 03.07.2024 | 17:30
Фото: t.me/KZgovernment

Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елорда әуежайында құрметті қонақты Үкімет басшысы Олжас Бектенов қарсы алды.

Қазақстан мен Қырғызстан берік одақтас ретінде екіжақты өзара қарым-қатынас орнатып, елдер арасында оларды тереңдету және кеңейту туралы тиісті шартқа қол қойылған.

Өзара тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 67,3%-ға артып, $1 572 млн-ға жетті.

Айта кетсек, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Оған 15 ел мен бірқатар халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері қатысады. Саммит аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және басқа да салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері қозғалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама