×

Атырау облысында қарақұрт қаптады: 63 түйе қырылды

Өлген малға өтемақы қарастырылмаған

 Дәурен Ерболат 03.07.2024 | 17:48
Фото: Pixabay / snaedis moon

Атырау облысында қарақұрт қаптап, түйе қырылып жатыр, деп хабарлады Telegram-дағы Atyrau online арнасы.

Өңірде улы қарақұрт өрмекшісі көбейген. Салдарынан Индер, Исатай жән Құрманғазы аудандарында 397 түйені қарақұрт шаққан. Оның ішінде мамандар 117 түйені емдеп жатыр, 217 түйе жазылды, 63 мал өлді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өлген түйелердің иелеріне бюджеттен өтемақы қарастырылмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама