Шавкат Мирзиёев саммитке қатысу үшін Астанаға келді
Өзбекстан басшысын Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды
Шавкат Мирзиёев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін елордаға келді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Президентін әуежайда Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі.
Өзбекстан – 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдің бірі. Бүгінгі таңда Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі, – делінген ақпаратта.
Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады. Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті. Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.
3-4 шілде күндері елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Оған 15 ел мен бірқатар халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері қатысады.