Halyq Uni логотип
×

Тоқаев пен Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойды

Тараптар 30-дан аса құжатты мақұлдады

 Динара Амантай 03.07.2024 | 15:48
Тоқаев пен Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойды
Фото: t.me/aqorda_resmi

Жоғары деңгейде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сонымен қатар сапар аясында мынадай партияаралық, мемлекетаралық, ведомствоаралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылды:

  1. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі мен Қытай Коммунистік партиясы арасындағы алмасу және ынтымақтастық туралы меморандум;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім;
  4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Реформалар және даму мемлекеттік комитеті арасындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы трансшекаралық теміржолды кеңейту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігі арасындағы инновациялық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласында және халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін құру туралы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
  6. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі арасындағы инфрақұрылым және инженерлік құрылыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуды ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі арасындағы таза энергетикалық технологияларда қолданылатын стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  8. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы қытай тілін оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  9. Еуразия ұлттық университеті мен Тянцзинь кәсіптік институты арасындағы Лу Бань шеберханасын бірігіп құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
  10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына сою үшін экспортталатын мүйізді ірі қара малға қойылатын ветеринариялық талаптар және жануарлар саулығын қорғау туралы хаттама;
  11. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы өзара жеткізілетін тауарларды бақылау және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  12. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қытай Ұлттық ғарыш әкімшілігі арасындағы Халықаралық Ғылыми Ай Станциясы бойынша ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандум;
  13. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Радио және телевизия істері жөніндегі Бас мемлекет басқармасы арасындағы радиохабар тарату және телевизия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  14. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен Қытай медиакорпорациясы (China Media Group) арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
  15. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Реформалар және даму мемлекеттік комитеті арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытында жүк тасымалдауды арттыруға және дамытуға арналған ынтымақтастықтың жұмыс тетігін құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  16. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Нарықты реттеу бойынша мемлекеттік басқармасы арасында сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  17. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  18. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Халықаралық даму саласы бойынша мемлекеттік агенттігі арасында өзара түсіністік және жоғары технологиялар саласындағы жобаларды ілгерілету туралы меморандум;
  19. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Қытайдың Халық банкі арасындағы Цифрлық валюта саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  20. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қытай Халық Республикасының Ұлттық статистика бюросы арасында статистика саласындағы ынтымақтастық аясында өзара түсіністік туралы меморандум;
  21. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытай медиакорпорациясы (China Media Group) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  22. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Қытай медиакорпорациясы (China Media Group) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  23. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК мен «Жэньминь Жибао» арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  24. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Қытай медиакорпорациясы (China Media Group) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  25. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы мен Шэньчжэнь университеті арасында бірлескен зертханалар құруда ынтымақтастық туралы келісім;
  26. «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ пен Қытайдың ауыл шаруашылығы университеті, Dayu Irrigation Group Co., Ltd компаниясы арасындағы шөлейтті аймақтарда суды тиімді пайдалану жөніндегі Қазақстан-Қытай халықаралық зертханасын құру туралы келісім;
  27. «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ пен Қытай Халық Республикасының Ланьчжоу университеті арасындағы Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығын бірлесе құру туралы келісім;
  28. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс политехникалық университеті арасындағы микроспутник арқылы ғылыми зерттеулер және таланттарды тәрбиелеу саласындағы өзара түсіністік туралы келісім;
  29. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Шәкәрім университеті мен Қытайдың ауыл шаруашылығы және орман технологиясына маманданған Солтүстік-Батыс университеті арасындағы Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғылымы және білім беру орталығын бірлесе құру туралы келісім;
  30. Қазақстандағы сапаны тестілеу зертханаларын жабдықтау жөніндегі жобаны жүзеге асыруға көмек көрсету туралы келісімшарт;
  31. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Қытайдың CNPC компаниясы арасындағы энергетика саласына қатысты стратегиялық жобалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы негіздемелік келісім.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын. Мемлекет басшысы Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, алғыс айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан өз нарығына кіруге ниетті Қытай компаниялары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін хабарладық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама