Сот Боранбаевтар отбасының мүлкін бөлуден бас тартты
Сот кәсіпкер Қайрат Боранбаевпен байланысты тағы бір істі қарады
Алматы қаласының Медеу аудандық соты Шолпан Боранбаеваның арызы бойынша Қайрат Боранбаев екеуі арасындағы ортақ мүлікті бөлуден бас тартты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Шолпан Боранбаева Қайрат Боранбаевпен ортақ мүлік – Алматының Әл-Фараби даңғылы бойындағы ғимарат пен жер учаскесін бөлу туралы арызбен сотқа жүгінген. Бұл мүліктер QazaqGaz бен «АзияГаз Чунджа» арасындағы келісім кезіндегі жымқыру туралы іс бойынша мемлекет пайдасына тәркіленген болатын.
Сот Шолпан Боранбаеваның Қайрат Боранбаевтың атына түсірген 50% үлесті алу арқылы ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы арызын қанағаттандырудан бас тартты, - делінген сот шешімінде.
Дегенмен ерлі-зайыптылар аппеляциялық шағым түсіре алады.