Қызылорда облысында мектеп-интернат басшысы жауапқа тартылды
Білім беру ұйымының 6 қызметкері де жазаланды
Қызылорда облысында мектеп-интернат басшысы жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатта болды. Аталған мекемеде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, уәкілдің өңірдегі өкілі тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс хаттар жолдады.
Аталған бұзушылықтарға жол берген мектеп-интернаттың басшысы және 6 қызметкері ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
Сонымен қатар, Қызылорда қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы да мекемеге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасап, айыппұл салды.
Қазір анықталған кемшіліктер толығымен жойылды.