Президенттер ШЫҰ саммитіне қатысады
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайда құрметті қонақты премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алған.
Сондай-ақ, бұған дейін Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух та осы мақсатпен елге ұшып келген болатын. Оны премьер-министрдің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды.
Айта кетсек, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Оған 15 ел мен бірқатар халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері қатысады.