Halyq Uni логотип
×

Әзербайжан және Моңғолия басшылары Астанаға келді

Президенттер ШЫҰ саммитіне қатысады

 Динара Амантай 03.07.2024 | 12:50
Әзербайжан және Моңғолия басшылары Астанаға келді
Фото: t.me/KZgovernment

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет  баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайда құрметті қонақты премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алған.

Сондай-ақ, бұған дейін Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух та осы мақсатпен елге ұшып келген болатын. Оны премьер-министрдің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды.

Айта кетсек, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Оған 15 ел мен бірқатар халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама