Halyq Uni логотип
×

Скейтбордпен баланы қаққан ер адам бас бостандығынан айырылды

Жәбірленушінің өкілі сотталушыға қатаң жаза қолдануды сұраған

 Динара Амантай 03.07.2024 | 12:06
Скейтбордпен баланы қаққан ер адам бас бостандығынан айырылды
Фото: Halyq Uni

Ақтау қалалық сотында скейтбордпен баланы қаққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, айыпталушшы биыл 17 сәуірде сағат 18:00 шамасында 6-мөлтек аудан, №36-үйдің жанында жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен электрлік скейтбордпен келе жатып, техникалық талаптарды сақтамай, кәмелеттік жасқа толмаған баланы қағып кеткен. Салдарынан оның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтiрген.

Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Сонымен қатар, жәбірленушінің заңды өкілі балаға жабық бассүйек-ми жарақаты, күмбез сүйегінің сынуы, ми шайқалу сияқты жарақат келтірілу себебінен сотталушыға заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды сұраған.

Сот М-ге жаза тағайындау барысында қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін мойындап, шын көңілімен өкінетінін, ал жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін ескеріп, сотталушы М.-ны ҚК-тің 114-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама