Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында ірі бордақылау алаңы пайдалануға беріледі

Жоба екі айдың ішінде толық іске қосылады

 Динара Амантай 03.07.2024 | 09:50
Түркістан облысында ірі бордақылау алаңы пайдалануға беріледі
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында 3,5 миллиард теңгенің мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жобасы іске асрылып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сауран ауданында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын іске қосу жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Қуаттылығы жылына 4 мың тонна ет өндіретін инвестициялық жобаның құны – 3,5 млрд теңге.

«Әл-Береке» ауылшаруашылық кооперативі 6 бокстың, оның ішінде мал сою пункті, мұздатқыш, тұшпара цехы құрылысын бастап кетті, сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Қазір 1 мың бас ірі қара бордақылауға жіберілген. Жоба екі айдың ішінде толық іске қосылады.

Айта кетсек, қазір облыста 1 мың ірі қараға арналған өндірістік қуаттылығы бар 22 бордақылау алаңы бар. Бордақылау алаңдарының жалпы сыйымдылығы – 46,5 мың ірі қара мал.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама