ШЫҰ бас хатшысы Астанаға келді (ВИДЕО)
3-4 шілдеде елордада ШЫҰ саммиті өтеді
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Чжан Мин Астанаға келді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі ұйым хатшылығына сілтеме жасап.
2 шілде күні Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.
Ресей президенті Владимир Путин де елордаға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді.
3-4 шілде күндері Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Оған 15 ел мен бірқатар халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері қатысады.