×

Владимир Путин Астанаға келді

Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады

 Халық үні 03.07.2024 | 08:30
Фото: primeminister.kz

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама