×

Павлодарда сүйіктісінің әкесін соққыға жыққан жігіт жауапкершілікке тартылды

Ер адамның төменгі жағы сынып, ми шайқалды

 Қанат Атаманов 07.06.2022 | 08:30
Фото: ашық дереккөздерден

Павлодарда сүйіктісінің әкесін соққыға жыққан жігітке бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 25 жастағы жігіт кездесіп жүрген қызының шағымын естіген соң оның әкесімен сөйлеспек болады. Алайда, екеуінің арасында жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан. Жас жігіт сүйіктісінің әкесіне қол жұмсаған. Салдарынан ер адамның төменгі жағы сынып, ми шайқалды.

Жапа шегуші полицияға өтініш жазғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Қыздың «білекті» қорғаушысы бір жыл бойы пробация қызметінде белгіленіп отыруға міндеттелді. Сонымен қатар ол алдын ала ескертусіз тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орнын ауыстыруға тыйым салынды және ойын-сауық мекемелеріне, дәмхана мен мейрамханаларға бара алмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама