Halyq Uni логотип
×

Қарағанды ​облысында өзенге батып кеткен екінші қыздың мәйіті табылды

Қыздар суға батқан жерде иірімі бар қатты ағыс, жағадан 4 метр қашықтықта құлама жар бар

 Халық үні 02.07.2024 | 22:44
Қарағанды ​облысында өзенге батып кеткен екінші қыздың мәйіті табылды

Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде суға батып кеткен қыздың денесі арада 3 күн өткенде табылды. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Сүңгуірлер суға батқан қыздың денесін оқиға болған жерден бір жарым километр қашықтықтан тапқан.

Бүгін құтқарушылар суға батқан екінші қыздың денесін 1300 шақырым жерден тапты. Іздестіру жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар қызметі, ПД, Теміртау қалалық аңшылар мен балықшылар қоғамының қызметкерлері, туған-туыстары мен жергілікті тұрғындар жүргізді. Іздеу жұмыстарына барлығы 40 адам, 9 техника және 7 су көлігі жұмылдырылды, – деді Бұқар жырау аудандық төтенше жағдай бөлімінің бастығы Ерсін Жүнісбеков.

Іздестіру жұмыстарына көрудің нашарлығы мен қатты ағын кедергі келтіргені атап өтілді

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 29 маусым күні Бұқар жырау ауданына қарасты Нұра өзенінің бойындағы Қызылжар ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, қыздар суға батқан жерде иірімі бар қатты ағыс, жағадан 4 метр қашықтықта құлама жар бар.

Сондай-ақ осыдан бірнеше күн бұрын Баянауыл ауданындағы Торайғыр көлінде екі баланың суға батып кеткені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама