Әуе рейстеріне қатысты жағдай: байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болады
Байланыс орталығы 2-4 шілде аралығында жұмыс істейді
Астана әуежайындағы әуе кеңістігінің жоғары жүктелуі салдарынан кейбір рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты 2-4 шілде аралығында жолаушыларға арналған байланыс орталығы жұмыс істейді, деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Азаматтық авиация комитеті Астана қаласының әуежайында әуе кеңістігінің жоғары жүктелуіне байланысты 2024 жылғы 2-4 шілде аралығындағы кезеңге белгілі бір рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты ҚР отандық авиакомпаниялары мен әуежайларына жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда ақпаратты уақтылы беру жөнінде тиісті ұсынымдар берілгенін хабарлайды, - делінген хабарда.
Сондай-ақ «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға көмек көрсету мақсатында 2-4 шілде аралығында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейтін болады.
Рейстің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласа аласыз:
Air Astana + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
FlyArystan +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);
SCAT +7 7252 99 88 80;
Qazaq Air + 7 727 356 14 14;
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ +7 7172 798213.