Астанада ертең отшашу атылады
Осыған байланысты Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылады
Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында ертең, 3 шілдеде Ботаникалық бақта салют атылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, отшашуды іске қосудың болжамды уақыты – сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін.
Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан тамашалауға болады.
Еске сала кетсек, 6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарланып отыр. Дрондар шоуы шамамен сағат 22:15-те (22:30) өтеді.