×

ШЫҰ саммиті: Астанада емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді

Медициналық мекемелердің жұмысында өзгеріс болмайды

 Дәурен Ерболат 02.07.2024 | 16:10
Фото: Informburo.kz

Биыл 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің өтуіне қарамастан жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әкімдігі.

2024 жылғы 3-4 шілдеде ШЫҰ саммитінің өтуіне қарамастан қаладағы жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Қалалық стационарлар тұрғындарды бұрынғыдай тәулік бойы қабылдайды.

Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, қоңырауларды қабылдау таңғы сағат 8:00-ден сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.

Бұған дейін ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты астаналықтар қашықтан жұмыс істейтіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама