ШЫҰ саммиті: Астанада емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді
Медициналық мекемелердің жұмысында өзгеріс болмайды
Биыл 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің өтуіне қарамастан жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әкімдігі.
2024 жылғы 3-4 шілдеде ШЫҰ саммитінің өтуіне қарамастан қаладағы жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Қалалық стационарлар тұрғындарды бұрынғыдай тәулік бойы қабылдайды.
Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, қоңырауларды қабылдау таңғы сағат 8:00-ден сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.
Бұған дейін ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты астаналықтар қашықтан жұмыс істейтіні хабарланған еді.