ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Олар Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып жасалған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары кезінде CRRC-пен 2023 жылғы 17 қазанда қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Алтынкөл станциясында мерзімінен бұрын қабылдап алынған алғашқы маневрлік тепловоздарды қабылдаудың ресми рәсімі болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Келісім шеңберінде 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив жеткізіліп, Қазақстанда жылжымалы құрамға қызмет көрсету сервистік орталықтарын ашу және инжинирингтік орталық құру жоспарланып отыр.
Маневрлік тепловоздар жақсартылған құрылымдық және тарту параметрлеріне ие. Олар Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып жасалған және — 40 °C-тан +50°C-қа дейінгі температурада жұмыс істей алады. Салмағы – 135 тонна. Дизель-генератор қондырғысы ҚР-да қабылданған экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.
Қазақстан темір жолдары мен СRRC қытайлық корпорацияның ынтымақтастық тарихы 20 жылдан асады. Бүгін қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Жаңа буын гибридті локомотивінің жобалануы аяқталып келеді және де 2025 жылы оның өндірісі қолға алынады деп күтіледі.
CRRC Corporation Limited – әлемдегі ең ірі теміржол көлігі өндірушісі, ол әлемдік локомотив өндірісі нарығының шамамен 50% иеленеді.