×

Ақтауда инкассатор 10 млн теңге ұрлады

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті

 Дәурен Ерболат 02.07.2024 | 10:26
Фото: ratel.kz

Ақтауда инкассатор 10 млн теңге ұрлап, өзіне қол салды, деп хабарлады қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

WhatsApp желісінде «14 шағын аудандағы Halyk Bank ғимаратында 1981 жылы туған инкассатор 10 млн теңге ұрлады. Кейін ол ғимараттың жертөлесінде жасырынып, табельдік қарудан басына оқ атты» деген ақпарат жарияланды. Бұл деректі полиция растады.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрлық және өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция басқармасы қылмыстық істі тіркеді, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама