Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон әсер етеді
«Қазгидромет» РМК 2-4 шілдеге ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон әсер етеді, сонымен байланысты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз солтүстік-батыста +28+35°С дейін, солтүстікте +20+28°С дейін, орталықта +22+33°С дейін, оңтүстік-шығыста +27+36°С дейін, оңтүстікте +33+38°С дейін біртіндеп жоғарылауы күтілуде. Еліміздің батысында +35+42°С дейін қатты ыстық күтіледі.