Halyq Uni логотип
×

«Қайтып барсам, қабылдамайтын шығар»: Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне өкінетінін айтты

Өнер иесі су жаңа продюсерімен бірге «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат берді. 

 Халық үні 01.07.2024 | 22:45
«Қайтып барсам, қабылдамайтын шығар»: Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне өкінетінін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Жайлауда ән айтып жүріп танылған Айдос Кәден өнердегі ұстазы Жігер Ауыпбаевты ренжітіп алғанын айтып, өз қателігін мойындады.  

Өнер иесі су жаңа продюсерімен бірге «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат берді. 

«Менің сөздерім әлеуметтік желіде таралып кетті. Ол жерде артық ештеңе айтқан жоқпын. Жігер ағаның жеке басына тіл тигізбедім. Жеке дара бөлек кету туралы ойымды алғаш рет әкеме айттым. Ол кезде мен “болдым, толдым” деп ойладым. Әкем Жігер ағаның алдынан өтіп, мені алып кетті. Бірақ кейін қатты өкіндім. Өнерде білмейтін дүнием көп екен. Осы эфирді пайдаланып, Жігер ағамнан және халықтан кешірім сұраймын. Енді мұндай қателік жасамайтын шығармын. Бұл маған үлкен сабақ болды. Жігер ағаның сенімінен шығып кеттім. Ренжітіп алдым. Енді қайта барсам ол кісі маған бұрынғыдай жаны ашып, еңбек етпейтін шығар. Менен қателік кетті», –деді қойшы бала.

Желі қолданушылары қойшы баланың жаңа продюсерін де сынап, «туысқанбыз» деген сөзіне күдіктенген еді. Алайда продюсер жас әншіні Жігерден бұрын көргенін жасырмады. 

«Айдостың желідегі видеосын көрші тәтесі түсіріп таратқан. Жігер ағадан кеткенін естігенде «Кешірім сұрайық, жағдайды түсіндірейік» деп айттым. Негізі мен бұл баланы бұрыннан білетінмін, бірге жұмыс істеймін деп жоспарлап жүргенде қарбалас жұмыстан қол тимеді. Одан кейін Жігер ағамыз барып, бірге жұмыс істеп кетті. Алматыға әкеліп, біраз әнші армандап жүрген сахнаны көрсетті, көп еңбек сіңірді. Оған көп рахмет айтамыз», – деді продюсер Қанағат Меченбай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама