3-4 шілде күндері астаналықтар қашықтан жұмыс істейді
2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді.
ШЫҰ саммиті кезінде Астанада қашықтан жұмыс форматы енгізіледі. Бұл жайында қала әкімдігінен хабарланды.
2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ саммит өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген режиміне ауыстырылды.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін, соның ішінде жолда кептеліс туғызбас үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызы 2-4 шілде аралығында қашықтан жұмыс форматына ауыстырылады.
3-4 шілдеде мектепке дейінгі мекемелер де жұмыс істемейді.
Бұл — ірі халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс енгізілетін әлемдік тәжірибе.